Malim.kz
Құқық

ТЖМ Щучинсктегі 11 адам қаза тапқан кафені тексермеген

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігі Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесінде тексеру жүргізбеген. Бұл жерде газ баллоны жарылып, өрт шығып, салдарынан 11 адам қаза тапқан еді. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.  

Вице-министрдің сөзінше, көлемі 50 литрге дейінгі газ баллондарын пайдаланатын нысандар әкімдіктердің қарауына жатады. 

Онда бұл мәселені бақылап, тиісті жұмыстарды жүргізетін газ-техникалық инспекция бар. Аталған кафе 300 шаршы метрге дейінгі аумақта орналасқан, сондықтан ол жоғары тәуекел аймағына емес, орташа тәуекел аймағына кіреді. Сол себепті мұндай нысандар келушілердің шағымы немесе прокурорлық бақылау бойынша тексеріледі. Сондықтан біздің тараптан бұл нысан тексерілмеген, - деді Кеген Тұрсынбаев Сенаттағы брифингте.

Сондай-ақ, ол қайғылы оқиғадан кейін премьер-министрдің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. Басқа да мекемелерде тексеру жүргізіле ме деген сұраққа вице-министр оң жауап берді. 

Барлығы тексеріледі, - деп сендірді ол.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Ақмола облысында Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыстан кейін зардап шеккен екі адам қайтыс болды. Осылайша, қайғылы оқиға құрбандарының жалпы саны 11 адамға жетті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары