freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Щучинсктегі өрттен қаза болғандардың саны 11-ге жетті

Оқиға
Щучинсктегі өрттен қаза болғандардың саны 11-ге жетті
Денсаулық сақтау министрлігі

Щучинск қаласындағы дәмханада газ жарылысынан болған өрт салдарынан тағы екі адам көз жұмды.

Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен ауыр жағдайдағы тағы екі науқас қайтыс болды. 8 наурыз «Авиценна-Бурабай» ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан бір пациент, ал 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан тағы бір науқас қайтыс болды, - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.
Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр.

Еске салайық, ақпан айының соңында Щучинскідегі дәмханада газ жарылысы салдарынан алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

3 наурызда оқиға салдарынан қаза болғандардың саны 9 адамға жеткені мәлім болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу