Malim.kz
Қоғам

ҰҚК лаңкестік бойынша күдікке ілінген төрт қазақстандықты елге қайтарды

Сабина Асқарқызы
ҰҚК

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген төрт қазақстандықты елге жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, арнайы операция аясында іздеуде жүрген азаматтарды елге қайтару жүзеге асырылған.

«7 және 12 мамыр күндері шетел мемлекеттерінен терроризмге қатысты қылмыстар жасады деген күдікке ілінген төрт Қазақстан азаматы ҰҚК арнайы жасағының күзетімен елге жеткізілді», – деп жазылған ресми хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметі олардың ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүргенін, кейін комитеттің іздеу жариялауы негізінде ұсталғанын атады. 

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тиісті қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары