Түркияның Ақсарай провинциясында 39 жастағы ер адам 31 жастағы сүйіктісін атып өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы оқиғадан кейін ол әйелдің денесін полиция бөлімшесіне өзі жеткізіп, құқық қорғау органдарына берілген, деп хабарлайды Malim.kz.
Түркиялық БАҚ мәліметінше, оқиға ер адам мен әйелдің арасындағы жанжалдан кейін болған. Әйел сүйіктісінің заңды некеде екенін және үш баласы барын білген. Осыдан кейін ол қарым-қатынасты тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Көлікке отырғаннан кейін қайғылы жағдай болған
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, жанжалдан кейін ер адам әйелді анасының үйіне апарып тастауды ұсынған.
Екеуі көлікке отырған кезде ер адам тапаншасын алып, әйелдің басына оқ атқан. 31 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Бұдан кейін күдікті марқұмның денесін көлікпен полиция бөлімшесіне жеткізіп, өз еркімен берілген. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Марқұмның артында екі баласы қалды
Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқан әйел екі баланың анасы болған. Бұл оқиғаға байланысты тағы бір қайғылы жайт белгілі болды.
Марқұм 33 жастағы Шефике Ешильдагтың туысы әрі бала күнгі құрбысы болған екен.
БАҚ мәліметінше, Шефике Ешильдаг та осы оқиғадан бір айға жетпейтін уақыт бұрын бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан. Осылайша, бір-біріне жақын екі әйел қысқа уақыт аралығында адам өліміне әкелген бөлек оқиғалардың құрбаны болған.
Тағы да оқыңыз: Қазақстанда су есептегіштеріне қатысты жаңа талап күшіне енді: Тұрғындар не білуі керек?