Malim.kz
Қоғам

"Ұзақ ғұмыр тілеймін": Әнші Мейрамбек Беспаев асыға күткен қуанышты жаңалығын жеткізді (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі әкесі Әбіләшім Истайұлын туған күнімен құттықтап, 1987 жылы түсірілген ескі суретті жариялады.

"Әкетай, туған күніңізбен! Ұзақ ғұмыр тілеймін!" – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да жылы лебіздерін жаудырып, ақ батасын берді.

"Туған күніңіз құтты болсын, 100 жасаңыз!", "Қазақ даласына Мейрамбектей тұлғаны сыйлаған әкеге алғыс! Ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!", "100 жасыңызды бүкіл ел болып тойлайық!" – деп жазды оқырмандар.

Мейрамбек Беспаев туралы

Мейрамбек Әбіләшімұлы Беспаев 1976 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Белгілі әнші, термеші, актер және "МузАРТ" тобының мүшесі.

Өнер жолын жастайынан бастаған. Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектепте білім алып, кейін Алматыдағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектепте оқуын жалғастырған. 1994-1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр академиясында "Актер, драма, кино" факультетінде білім алған.

Репертуарында Кенен Әзірбаев, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев секілді қазақтың көрнекті композиторларының әндері бар. Сонымен қатар «Қоштасқым келмейді», «Ғашық жүрек» фильмдерінде актерлік қырынан танылды.

Марапаттары:

Бүгінде Мейрамбек Беспаев өнер мен отбасын қатар алып жүрген көпшілік сүйіктісі. 

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары