Malim.kz
Қоғам

Ветеринариядағы ірі жемқорлық: Түркістанда 4 лауазымды тұлға қамауға алынды

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Түркістан облысының прокуратурасы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК қызметінде 928 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу мәліметінше, 2022–2025 жылдары мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлері сатып алулар кезінде төлем құжаттарына жалған мәліметтер енгізіп, қаражатты заңсыз аударған. Ақша аудару кезінде олар бірдей кәсіпкерлік субъектілерінің ЖСН-дарын көрсетіп, тек атауларын өзгерткен.

Нәтижесінде ешқандай тауар жеткізілмеген және қызмет көрсетілмеген. Бұл әрекеттер мемлекетке ірі көлемде залал келтірген.

Қазіргі уақытта прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп, 4 лауазымды тұлға (екі бұрынғы басшы, орынбасары және бас бухгалтер) қамауға алынған. Басқа да қатысушылардың әрекеті анықталу үстінде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары