Malim.kz
Қоғам

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Malim Админ

Жер асты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 1 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 11:14-те тіркеген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 308 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,2, MPV магнитудасы - 5,3, - делінген хабарламада.

Меркі ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары