Malim.kz
Қоғам

"Жаныңыз жәннатта болсын": Әнші Тоқтар Серіков марқұм анасы туралы айтып, елді жылатты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
SN.kz. Суретте: Тоқтар Серіков анасымен

Танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында анасына деген сағынышын білдіріп, жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі марқұм анасын еске алып, жүрекжарды сөздерімен оқырмандарын толқытты.

"Анашым, сізді құшақтамағаныма, сүймегеніме, еркелемегеніме бес жыл болыпты. Қатты сағындым. Сіз кеткеннен бері көңілім бос, өзім де жылауық болып кеттім. Кейде сіздің жоқтығыңыз жанымды қатты ауыртады. Жаныңыз жәннатта болсын, анашым", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жазбаға бейжай қарамай, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік "анадан айырылудың қандай ауыр екенін тек басынан өткергендер түсінеді", "аналарымыз аман болсын", "жаны жәннатта болсын" деген пікірлер қалдырған.

Тоқтар Серіков – қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданында дүниеге келген. Толық аты – Тоқтар Кәдірұлы Серіков.

Өнер иесі әнші ғана емес, актер, термеші әрі домбырашы ретінде де танымал. Оның шығармашылығы негізінен лирикалық жанрға бағытталған.

Тоқтар Серіков 1999 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Ол көптеген танымал өнер жұлдыздарымен, соның ішінде Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас және Алтынбек Қоразбаевпен бірге жұмыс істеген.

Әнші Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болған. Сонымен қатар ол мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты атанған. Оның өнері ұлттық дәстүр мен заманауи эстраданы үйлестіре білгендігімен ерекшеленеді. Тоқтар Серіков қазақ музыка мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген тұлғалардың бірі.

Бұған дейін Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында жас кезіндегі суретін жариялап, өткен күндерді еске алған еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары