Malim.kz
Қоғам

"Жас әйел болмайды екен": Өзінен 25 жас кіші қызды алған актер тағы да үйленетінін айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Malim.kz коллажы

Танымал актер Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап, оқырмандардың назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзінен 25 жас кіші әйел алған актер бұл жолы тағы да үйленгісі келетінін айтып, жас айырмашылығы бар некеге қатысты ойын жеткізді.

"Дені дұрыс қыз керек. Жас әйел болмайды екен. Кеше қан қысымым көтеріліп, дәрі алып келші десем, активті көмір алып келген. Тамақ істеші десем, "тапсырыс бере салайықшы" дейді. Тоңазытқышты ашсам, ішінде жастар жейтін чипсы тұр. Жақсы, тапсырыс бер десем, "суши, пицца" дейді", – деді актер.

Алайда оның бұл сөзі желі қолданушыларының ашуын тудырды. Көпшілік актердің жас әйел туралы айтқан пікірін сынға алып, түрлі пікір қалдырған.

"Тең-теңімен, тезек қабымен деп бекер айтылмаған", "Сауап болыпты", "Қатынға тоймайды екен", "Обалың жоқ, жас қатында нең бар еді?", "Не деп мылжыңдап отыр?" – деп жазды оқырмандар.

Еске сала кетейік, белгілі әзілкеш Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты тағы бір жазба жариялап, көпшіліктің талқысына түскен еді.

Қажет Смағұл кім?

Қажет Смағұл – қазақстандық актер, әзілкеш және көпшілікке сахна мен экран арқылы танылған өнер адамы. Ол көрерменге көбіне комедиялық рөлдерімен, қазақы қалжыңды шебер жеткізуімен және қарапайым образдарымен таныс.

Өнер иесін көпшілік «Бизнес по-казахски» фильміндегі рөлдері арқылы жақсы біледі. Сонымен қатар ол түрлі әзіл-сықақ жобаларына қатысып, актерлік пен юморды қатар алып жүрген тұлғалардың бірі ретінде танылды. Қажет Смағұлдың сахнадағы ерекшелігі – тұрмыстық жағдайларды, қоғамдағы мінез-құлықты және адамдар арасындағы қарым-қатынасты жеңіл әзілмен жеткізе білуі.

Актер әлеуметтік желіде де белсенді. Ол жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты жазбаларын жиі жариялап, оқырмандармен байланыс орнатып отырады. Оның кейбір жазбалары желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударып жатады.

2026 жылы Қажет Смағұл өзінен 25 жас кіші жанмен отбасын құрғанын меңзеп, жұртшылық арасында түрлі пікір тудырды. Бірі өнер иесін құттықтаса, енді бірі бұл шешіміне сын көзбен қарады. Кейін актер өзіне айтылған пікірлерге жауап беріп, жеке өміріне қатысты әңгіменің қоғамда кең талқыланғанын жеткізді.

Сонымен қатар Қажет Смағұл жарының суретін жариялауға асықпайтынын айтқан. Оның сөзінше, желідегі жағымсыз пікірлер жақын адамына ауыр тиюі мүмкін.

Бүгінде Қажет Смағұл отандық әзіл сахнасы мен кино саласында өзіндік орны бар өнер иелерінің бірі саналады. Ол актерлік қабілеті, әзілкештік болмысы және әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы өз аудиториясын қалыптастырған танымал тұлға.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары