Malim.kz
Әлем

Зеленский: Ресей шабуылдары украиналық АЭС-терге зиян келтірді

Арман Қайыпхан
Фото: ВВС

Украинаның энергетикалық нысандарына бағытталған тағы бір ауқымды Ресей шабуылы украиналық атом электр станцияларында (АЭС) электрмен жабдықтау мәселелеріне алып келді, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Ресей күштері басып алған Запорожье АЭС-ін қоспағанда, барлық осындай нысандар мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Бұл жайында ұлттық энергетикалық оператор “Укрэнерго” және Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

“Укрэнерго” бағалауы бойынша, Ресейдің түнгі қайта шабуылдары нәтижесінде Украина критикалық инфрақұрылымына әсер етіп, “энергетикалық жүйеде қуат тапшылығы айтарлықтай өсті”.

Соның салдарынан барлық аймақтарда жарық сөндірулері көбейіп, оператор Польшадан шұғыл көмек сұрады.

Өзінің кешкі үндеуінде Зеленский инциденттің қауіптілігін атап өтті.

“Бүгін түнде ресейліктер атом станциялардың жұмысына тәуелді нысандарға да соққы жасады. Бұл қауіп тек Украина үшін емес, бүкіл аймағымыз бен Еуропа үшін де”, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, АЭС-тің бір блогы – Зеленский нақты қай нысан екенін айтқан жоқ – электрмен жабдықтау жетіспеушілігі салдарынан автоматты түрде тоқтаған.

“Ресей тек шабуылдар мен соғысқа ғана мән бермейтінін, сондай-ақ келіссөздерге де мән беруі керек, олар жалғасуда және нәтиже беруі тиіс”, – деп атап өтті Украина президенті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чернобыль АЭС-індегі саркофаг жаңа соққы болған жағдайда опырылып түсуі мүмкін екені айтылған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары