Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Чернобыль АЭС-дегі саркофаг жаңа соққыдан опырылуы мүмкін

Әлем
Чернобыль АЭС-дегі саркофаг жаңа соққыдан опырылуы мүмкін
Фото: Reuters

Чернобыль АЭС-індегі саркофаг жаңа соққы болған жағдайда опырылып түсуі мүмкін. Бұл туралы станция директоры Сергей Тараканов France24-ке берген пікірінде айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Егер зымыран немесе дрон тікелей саркофагқа тисе немесе маңайына құласа — мысалы, Құдай сақтасын, “Искандер” сияқты зымыран болса, онда қорғаныс нысанының шыдайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Негізгі қауіп те осында», — деді Тараканов.

Оның айтуынша, ЧАЭС-тің төртінші энергоблогының үстіндегі жаңа қорғаныс конфайнментін толық қалпына келтіру 3-4 жылға созылуы мүмкін.

Станция директоры нысандағы радиация деңгейі «тұрақты әрі қалыпты шекте» екенін де атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу