Malim.kz
Қоғам

Желі жұлдызы Ақмоншақ Нұртаза мектеп директорлығынан кететінін мәлімдеді

Арман Қайыпхан

Димаш Құдайбергеннің әніне арналған челленжге қатысып, TikTok - тағы видеоларымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі»,- деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Еске салсақ, Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған челлендж түсірген. Оның видеосы 3,1 миллион қаралым жинап, жеңімпаз атанып, Диамштың Лондондағы концертіне билет ұтып алған болатын.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің әлеуметтік желілердегі белсенділігіне қатысты пікір білдіріп, білім саласындағы тұлғалардың бет-бейнесі мен беделін сақтау қажеттігін атап өткен еді. 

Фото: instagram/aqmonshaq_nurtaza

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары