457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аймағамбетов тикток пен тренд түсіретін мұғалімдер жайында пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің әлеуметтік желілердегі белсенділігіне қатысты пікір білдіріп, білім саласындағы тұлғалардың бет-бейнесі мен беделін сақтау қажеттігін атап өтті. Бұл туралы ол Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен осы мәселені әріптестеріме айтқанда, олар: «Сенің ойың заманауи емес. Сен өзің жап-жассың, неге осындай нәрселерді айтасың?» – деген еді. Мүмкін, бұл консервативті көзқарас болуы мүмкін. Әрине, қазіргі уақыт – TikTok-тың, Instagram-ның, Netflix-тің заманы. Оны түсінеміз, бірақ бізде құндылықтар деген бар, мұғалімнің бейнесі деген бар, директордың өзінің бейнесі бар, – деді депутат.

Асхат Аймағамбетов мектеп директорлары мен мұғалімдердің әлеуметтік желідегі әрекеттері оқушылар мен ата-аналарға қандай үлгі болатынын ескеру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, трендке еру мен беделді сақтау арасында тепе-теңдік қажет.

Балаларға жақын болу өте маңызды. Мен өзім қазіргі уақытта ұстаздық қызмет атқарып жүрмін. Өзіміз оқушы кезімізде мұғалімдерді ерекше құрметтеп, тіпті дем ала алмай, тапжылмай отыратын сәттеріміз болды. Бәрі бірдей болған жоқ. Сондықтан ұстаздың бейнесі өте маңызды, имиджі өте маңызды, беделі өте маңызды. Оны күнделікті күлкіге, әзілге айналдыруға болмайды. Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек. Бірақ балалармен анекдот айтып, түрлі трендтен қалмаймын деп жүргені сұрақ туғызады. Әр нәрсенің реті болуы керек. Сол себепті бұл бағытта министрліктің өзіндік бір ұстанымы болуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, соңғы уақытта еліміздегі кейбір мектеп басшылары мен мұғалімдері әлеуметтік желілерде түрлі тренд-видеолар жариялап, қоғамның әртүрлі пікірін тудырып жүр.

Фото: видеодан кадр