Malim.kz
Оқиға

Жетісуда күшті бораннан жолда қалғандардың видеосы жарияланды

Мәди Саматұлы

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалған.

Құтқарушылар «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен жолдың күрделі бөлігіне шыққан.

«Достық» станциясына 11 жергілікті тұрғынның барлығы жеткізілді, оның ішінде 3 бала бар. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты, деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Фото: видеодан скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары