Malim.kz
Оқиға

Жетісуда жолда қалған 6 адам эвакуацияланды

Мәди Саматұлы

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында жолда қалған 6 адамды құтқарып эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәлімдеуінше, Алакөл ауданы Көктұма станциясының жанында жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалған.

Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары вахтовканың көмегімен Ақши ауылына 6 адамды эвакуациялаған. Олар медициналық көмек мұқтаж емес.

Фото: rassvetnews.ru

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары