Malim.kz
Әлем

ЖИ арқылы жалаңаш адамдардың фотосын жасау мүмкіндігі әшкере болды

Ереке Базарқұл
IMAGE: © glamourmagazine.co.uk

Бұл туралы Неміс толқыны - DW хабарлайды.

Қолданушылар Илон Масктың меншігіндегі Grok нейрожелісінің чат-боты арқылы адамдардың жалаңаш, басқа да анайы пошымдағы фотоларын жасау мүмкін екенін хабарлады. ізе-шала Grok нейрожелісін жасаушылар қатесін мойындады. Олар X сервисіндегі парақшасында:


«қауіпсіздік саясатымызда әлсіз тұстар анықталды» 

депті.


Пайдалы: таксиден осылай үнемдеуге болады...


Жасанды интеллекттің ашық сипаттағы фотоларды, әсіресе жалаңаш қыздардың фотоларын генерациялауы қоғамда наразылық тудырды. Жаңа жыл қарсаңында Grok чат-боты екі жасөспірім қыздың анайы бейнесін құрастырып, таратқаны үшін кешірім сұраған. 
«Бұл қауіпсіздік баптауларындағы ақау болды, келтірілген кез келген зиян үшін кешірім өтінеміз», – деп жазды Grok X желісінде. Кейінірек таратқан хабарламасында мұндай жағдайлар «жекелеген, бірлі-жарым оқиғалар» екенін түсіндірген.

БАҚ деректеріне сүйенсек, дипфейк аталатын жалған контенттен әйелдер де зардап шеккен. Politico мәліметінше, Париж прокуратурасы Grok жасаған анайы дипфейктердің таралуына қатысты қазір тергеу жүргізіп жатыр.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары