Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Яндекс Go мереке күндері жол жүруді қалай арзандатуға болатынын айтып берді

Қоғам
Яндекс Go мереке күндері жол жүруді қалай арзандатуға болатынын айтып берді
© Yandex Go

Яндекс Go былтырғы мереке алдындағы күндері және Жаңа жыл түні сапарға қай уақытта тапсырыс бергенде тиімдірек болғаны туралы, сондай-ақ, жол ақысын үнемдеуге көмектесетін әдістер туралы айтып берді.

Мереке күндері сервистегі тарифтер, яғни отырғызу құны - 1 шақырым мен 1 минут бағасы өзгермейді. Алайда сұраныстың артуына байланысты сапар құны өсуі мүмкін. Егер тапсырыс берушілер саны желідегі бос жүргізушілер санынан көп болса, сапар бағасы уақытша қымбаттайды.

Жаңа жыл алдындағы күндер әдетте қарбалас өтеді: көпшілік сыйлық алып, соңғы шаруаларын аяқтауға тырысады. Қазақстандағы сервисті былтырғы пайдалану туралы деректерге сүйене отырып, Яндекс Go алдағы күндері сапарға қай уақытта ыңғайлырақ әрі тиімді тапсырыс беруге болатынын болжады.

31 желтоқсан және Жаңа жыл түні

Өткен жылы 31 желтоқсанда сапарға таңғы 9:00-ден 12:00-ге дейін тапсырыс беру тиімді болған. Кейінірек жүргізушілердің бір бөлігі отбасымен уақыт өткізуге үлгеру үшін желіден шыға бастаған, салдарынан қолжетімді көліктер саны азайып, сапар құны уақытша өскен.

Түнгі 12-ден 2:00-ге дейін сапарға сұраныс артқан, ал желідегі жүргізушілер саны әдеттегіден аз болған. Бұл уақытта сапар бағасы өседі. Ал 2:00-ден 3:30-ға дейін сұраныс та, баға да төмендейді.

1 қаңтар

1 қаңтарда таңғы 3:00-ден 8:30-ға дейін көпшілік мерекелік шаралар мен қонақтан үйге қайта бастағандықтан, сапар құны да өскен, көлік күту уақыты да ұзара түскен.

Ал таңертең, нақтысы 8:30-дан 11:00-ге дейін сапар бағасы тиімдірек болуы мүмкін, себебі жүргізушілер біртіндеп желіге орала бастайды, ал мерекелеп жүрген халықтың басым бөлігі үйіне қайтып үлгереді. Сонымен қатар бұл күні сұраныс 14:00-ден 16:00-ге дейін және 18:00 мен 21:30 аралығында да төмендейді.

 

Лайфхактар: сапар құнын қалай төмендетуге болады

1. Сұраныс индикаторына назар аударыңыз

Егер желіде бос көлік жеткілікті болса, индикатор жасыл түске боялады, ал сапар бағасы базалық деңгейде қалады. Сұраныс артқан жағдайда индикатор сарғыш немесе қызыл түске ауысады, сапар құны да өседі.

Сұраныс күйін түсіну жағдайды дұрыс бағалауға көмектеседі: дәл қазір көлік шақыру керек пе, сәл күте тұрған дұрыс па, әлде қоғамдық көлікті таңдаған жөн бе – міне, осыны шешуге мүмкіндік береді.

2. Қосымшадағы “Аздап жүру” және “Күте тұру” ұсыныстарын пайдаланыңыз

Яндекс Go қосымшасы кейде көлікті сәл күте тұрып, есесіне төменірек бағамен жетуді немесе жүргізушіге ыңғайлырақ отырғызу нүктесіне дейін бірнеше минут жаяу баруды ұсынуы мүмкін. Мұндай кеңес, мысалы, кептеліс кезінде немесе аулаға кіру қиындық тудыратын жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда жолаушыға сапар арзанырақ түседі, ал жүргізуші тапсырыссыз жүріп қалмайды..

3. Сапарға дәл белгілі бір сағатта тапсырыс бермеңіз

Сұраныс әдетте толық сағатқа жақын уақытта жоғары болады. Ал егер көлікті, мысалы, сағат басталуына 5-20 минут қалғанда шақырсаңыз, баға сәл төмен болуы мүмкін. Мәселен, 15:00 шамасында жолға шығуды жоспарласаңыз, 14:40-та тапсырыс беруді қарастыруға болады.

Бағаны уақытша арттыратын коэффициент – шұғыл түрде жолға шығуы керек адамдар үшін тұрақты мүмкіндік қамтамасыз ететін шара. Сонымен қатар ол жүргізушілерді желіге көбірек тартуға көмектесіп, сұраныс пен ұсынысты теңестіреді. Желідегі жүргізушілер саны жеткілікті болған кезде сапар құны қайтадан қалыпты деңгейге түседі.

Бұл ақпарат ұсыныс ретінде ғана берілген. Сапар бағасы мен сұраныстың нақты динамикасы өзгеруі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу