Malim.kz
Қоғам

Жыл басынан бері Қазақстанда 169 бала терезеден құлаған

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жаз мезгілінде жазатайым оқиғалар көбейеді, ал терезеден құлау – балалар арасындағы ең жиі кездесетін жарақаттану себептерінің бірі. Әсіресе, 2-5 жас аралығындағы балалар қауіп-қатерді толық түсінбейтіндіктен, қауіп тобына жатады.

2026 жылдың басынан бері елімізде балалардың терезеден құлауының 169 дерегі тіркелген. Оның 14-і өліммен аяқталған.

ІІМ мұндай оқиғалар көбіне балалардың қараусыз қалуы, терезеге еркін қол жеткізуі және ересектердің қауіпсіздік шараларын елемеуінен болатынын атап өтті.

Осыған байланысты министрлік ата-аналарға балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмауға, терезелерге арнайы бекіткіштер мен қорғаныс құрылғыларын орнатуға, маса торына сенбеуге және терезе маңындағы жиһаздарды алып тастауға кеңес берді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары