Malim.kz
Қоғам

"Жылап отырмын": Сүйінші! Әнші Жазира Байырбекова Дубайдан аман-есен елге жеткенін айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Танымал әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова Қазақстанға аман-есен оралды. Бұл туралы Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Әншінің айтуынша, олар бірнеше қала арқылы ұшып, ақыры елге жеткен.

"Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай – Маскат – Ыстамбұл – Астана бағытымен келдік. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әрдайым тілекші болып, хабарласып, алаңдап жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да өнер иелерінің аман-есен елге жеткеніне қуанып, түрлі тілектерін білдірді.

"Аман жеткендеріңізге шүкір", "Жылап отырмын", "Енді Дубайға бармастай болған шығарсыздар", – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, бұған дейін Жанболат пен Жазира Байырбекова Қазақстан ұйымдастырған арнайы эвакуациялық рейске мінбей қалғанын айтқан еді. Әншінің түсіндіруінше, мұндай рейстерге алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтар отырғызылған. Атап айтқанда, аяғы ауыр әйелдер, І-ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар және қарттарға басымдық берілген.

Айта кетейік, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі үлгілі отбасылық дуэттердің бірі. Студенттік кезеңнен бастап бірге өнер көрсетіп келе жатқан жұп бүгінде сахнада да, өмірде де жарасым тапқан өнер иелері ретінде көпшілікке кеңінен танымал.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары