Алматыда өмір сүру үшін қанша теңге керек?

Алматыдағы ЖОО бірінде оқитын Әйгерім есімді кейіпкеріміздің мысалында оңтүстік астанада өмір сүру үшін қанша теңге керек екенін есептеп көрдік. 

Айшолпан КЕРІМ

  • 06.06.2022

Finprom.kz ұсынған дерекке сәйкес, 2022 жылдың қаңтар айында елдегі күнкөріс минимумы 12,7%-ға өсіп, 38,2 мың теңге болған. Біз тәжірбие жүзінде алматылық студенттің бір айлық шығынын есептеп көрдік.

Әйгерім - төртінші курс студенті, шәкіртақысынан бөлек, сабақтан бос уақытында мектеп оқушыларына қосымша дәріс өткізіп, ақша табады. Ақтөбелік кейіпкеріміз Алматыда өзге студенттер сынды көп қызбен бірлесіп, пәтер жалдап тұрады. Кейіпкеріміз ай сайынғы кіріс-шығыс есеп дәптерін жүргізетіндіктен, қалада тұру үшін қанша ақша керек екенін аса қиналмастан есептеп берді.

Пәтерақы

Пәтер жалдау шығыны: 55 000 теңге

Коммуналдық төлемдер: 5 000 теңге

Ата-анам Ақтөбеде тұрады. Барлығы сияқты әлеуметтік желідегі пәтер жалдау, бірге тұратын адам іздеуге арналған чаттар арқылы бір қыздардың жалдап жатқан пәтеріне қосылдым. Айына 220 000 мың теңге, екі бөлмеде төрт қыз тұрамыз. Әрқайсысымызға 55 000 теңгеден келеді. Одан бөлек ай сайынғы коммунал төлемге 5 000 теңгеден жинаймыз.

Негізі бұдан арзандау бағада да табуға болады. Ауданға байланысты болса керек, Түрксіб, Жетісу, Наурызбай аудандарында жап-жаңа пәтерлер бар, бағасы да арзанырақ. Бірақ мен жұмыс, сабақ ыңғайына қарай пәтерді Бостандық ауданынан іздедім.

Жол шығындары

Қолма-қол төлем: 150 теңге

“Оңай” картасы немесе қосымшасы арқылы: 80 теңге - ересек адам, 40 теңге - студент

Такси: эконом - 350 тг бастап, қала бойынша 40 т/шм

Әзірге жеке көлігім жоқ, электросамокатым да жоқ. Сондықтан автобуспен жүремін, кейде такси шақыртуым мүмкін. Жұмысым онлайн болғандықтан, жол шығынына көп кете бермейді. Универ үйге жақын, көбінде жаяу барып келемін. Сондықтан жол шығыным көп емес - айына шамамен 3-4 мың теңге.

Бірақ көлігі бар достарым айына шамамен тек жанармайдың өзіне 30 мың теңгедей жұмсайтынын білемін.

Тұрмыстық шығындар

Азық-түлік: айына 50 мың теңге

Тұрмыстық химия: 5 мың теңге

Жақсысы - біз қыздармен азық-түлікті бірлесіп аламыз. Ай сайын тізім жасап, бар керектіні ортақ сатып аламыз. Сосын бәрін тең бөлеміз. Сонымен қазір әрқайсымыздан айына шамамен 10 мың теңге шығады. Алайда осыдан үш-төрт ай бұрын дәл осы тізіммен барсақ та, жалпы шығын 30-40 мың теңгеден аспайтын. Бәрі күрт қымбаттап кетті. 

Тұрмыстық химияны да бірігіп сатып аламыз, әрқайсымыздан 1000-1500 теңгеден шығуы мүмкін. Одан бөлек жеке бас заттарына айына шамамен 2-3 000 теңгедей кетеді.

Бұның бәрі нақты есебіміз ғой. Тізіммен бәрін - түрлі дақылдарды, көкөністі сатып алғанмен, кейде жұмыстан, сабақтан шаршап келіп, тамақ істеуге ерініп жатамыз. Осылайша айына кемі 7-8 мың теңге сырттан тамақ тапсырыс беруге жұмсалады.

Ұялы байланыс: 3890 тг

Үйде интернет орнатылған, айына шамамен 5000 теңге шығады. Алайда мен қосылмаймын. Менде Tele2 шектеусіз тарифі қосылған, айына - 3890 тг.

Киім-кешек:

Бұл нәрсеге қатысты айлық шығынды нақты есептеу қиын, бірақ бір ай киім сатып алып, бірнеше ай ештеңе алмай қалатынымызды есептеп, оны он екі айға бөлсек, айына тұрақты түрде кемі 5 000 теңге кетеді екен. 

Жазға дайындық ретінде 30 мың теңгедей жұмсап қойдым: жеңіл шалбар - 12 мың теңге, екі жеңіл жаздық жейде - 12 мың теңге, аяқ киім - 10 мың теңге. Бірақ киім алғанда базалық үлгі мен түсті таңдап, келесі маусымдағы шығынды қысқартуға болады.

Денсаулық және сұлулық

Дәрі-дәрмектер: айына 2 мың теңге

Тіс дәрігері: айына 10 мың теңге

Ай сайынғы шығынды кенет денсаулық сыр берген соң алынған дәрі-дәрмек пен дәрігер қаралымы ақшасы көбейтіп жіберуі мүмкін. Көп компаниялар жұмысшыларына, оқу орындары студенттеріне медициналық сақтандыру үшін төлегенімен, дәрігер жазып берген дәрінің көбін пациент өзі сатып алуы керек болып жатады. 

Мысалы өткен айда тісім ауырып, артынан ақыл тісімді жұлдырып, ауыз қуысы ауруы пайда болмас үшін қосымша препараттар алуым керек болды. Ақыл тісін жұлдыру - 25 мың теңге, дәрі дәрмек - 4 мың теңге - солайша бір айлық стипендиям осылай жұмсалып кетті.

Ойын-сауық:

Тау, табиғатта демалу, Ботаникалық бақта серуендеу құны: адам басына 700 теңге

Қоғамдық тамақтану орындарында кездесу: адам басына орта есеппен 3-4 000 теңге

Театр, концерт шығыны: адам басына 600-2000 теңгеден басталады

Достарыммен көңіл көтеру, кездесуге айына кемі 15-20 мың теңге кетеді. Бұдан бөлек кездесулер үшін қалада кіру тегін түрлі арт-кеңістіктер мен кітапханалар бар. Осы мекемелер қазір шығынды қысқартуға шамалы болса да сеп болып тұр. 

Рас, осы ойын-сауық шығынын барынша қысқартуға болады. Бірақ оқу, жұмыс, ойын-сауық арасында баланс болмаса, кейде өзіңізді қуантып, демалуға мүмкіндік сыйлап тұрмасаңыз, психологиялық тұрғыда қиналып қалуыңыз мүмкін. Ақша тапқанмен, оны үнемдеп, тек оқу, жұмыс деп жүре бергеннен сол күйзеліс туады екен. Сондықтан қазір мейлінше сол балансты ұстауға тырысамын.

Қорытынды:

55 000 теңге (пәтерақы) + 5 000 теңге (коммуналдық төлемдер) + 3500 теңге (жол шығыны) + 55 000 теңге (азық-түлік пен тұрмыстық химия) + 3890 теңге (ұялы байланыс) + 30 000 теңге (киім-кешек) + 30 000 теңге (дәрі-дәрмек пен тіс дәрігері) =

мамыр айының шығыны 182 390 теңге

Мен төртінші курс оқитындықтан, қосымша жұмыс істеп, табыс табу мүмкіндігім бар. Оның өзінде ақшамның көп бөлігі пәтерақысына кететінін ойласам, мұңайып қаламын. Оның үстіне, амалсыз таныс емес адамдармен тұруың керек. Пәтер тым қымбат болғандықтан, бір пәтерде 6-7 қыздан тұратын таныстарым бар. Жалпы Алматы - өте керемет қала, көздің жауын алып, қызықтыратын тірлік те көп, бірақ бәрі ақша. Мамырдағы шығыным 180 мыңнан асып кетіпті, бірақ тіс пен киім-кешек шығыны ай сайын болмаса да, орнын басатын түрлі жағдай болып қалуы мүмкін. Жалпы Алматыда тұру үшін маған айына кемі 150 000 теңгем болуы керек.

Байланысты жаналықтар

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

Павлодарда жатақханада студент қыз өзіне қол жұмсаған

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

29.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

29.04.2024
MalimBlocks
Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Павлодарда жатақханада студент қыз өзіне қол жұмсаған

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

Осы тұста аудан әкімі тарапынан заңға қайшы әрекетке жол берілген.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Оны ломбард қызметкерлері әшкерелеуге көмектескен.