Әйелдер вагоны: жолсеріктер мен ерлердің келісім алаңы

Айшолпан КЕРІМ

  • 18.05.2022

2018 жылы "Тальго" пойызында әйелді зорлау оқиғасынан кейін, пойыздардағы әйел адамдардың қауіпсіздігі мәселесі кең талқыланып, арнайы әйелдер купесін енгізу бастамасы көтерілген еді. Былтыр бірнеше бағыт бойынша арнайы әйелдерге арналған вагондар ашылды. 

Алайда жолсерікке ақша беріп, әйелдер вагонымен қатынап жүрген ер адамдар да бар екен. Бұл туралы Malim.kz тілшісіне қаңтар айында сол арнаулы купемен жол жүрген кейіпкеріміз айтып берді.

Гүлдана (кейіпкер есімі қауіпсіздік мақсатында өзгертілді - ред.) 24 қаңтар күні Ақтау-Маңғыстау бағыты бойынша әйелдер купесіне билет алған. Пойызға мініп, купеден бірге жол жүретін екі ер адамды көреді.

- Қаңтар айының 24 күні Ақтаудан Алматыға пойызға, 7-вагонға билет алдым. Қауіпсіздігімді ойлап, үйге аман-есен жетсем деп, өзімді еркін әдейі әйелдер вагонынан сатып алған едім. Вокзалға келіп, пойызға мінсем, артымнан ілесіп екі ер адам купеге кіріп, жайғасқалы жатыр екен. "Бұл әйелдер купесі емес пе?" десем, "Ондай сұрақты жолсерікке қоярсыз" деді.

Гүлдана дереу жолсерікке барып, мән-жайды сұрағанда, пойыз қызметкері ер адамдардың көп ұзамай түсіп қалатынын айтқан.

- Барып, неге екенін сұрасам, "Әзірге отыра тұр, олар қазір Түркістанға жеткенде түсіп қалады. Олар маған ақшасын беріп қойған. Басқа вагондарда орын қалмай қалған соң, осы орынды бердік. Саған ештеңе істемейді, уайымдама" деді.

Гүлдана жалпы вагонда өзінен өзге тек төрт адам болды дейді: екі ер адам, екі әйел адам. 

- Астыңғы қабатта мен отырдым. Жаңағы ер адамдар шайларын ішіп, асықпай жоғары қабатқа жайғасты. Кейінірек Жаңақорғаннан, қателеспсем, бір әйел мініп, сол ер адамдарды көріп, айғай шығарған соң ғана оларды купеден шығарып жібердік. Бірақ бәрібір пойыздан шығарып жіберген жоқ. Түркістаннан түсеміз деген, онда да түскен жоқ, дәлізде жүріп, бос купеге отырып, әйтеуір менімен бірге Алматыдан бірақ түсті.

Кеіпкеріміз бұл оқиға жайлы ата-анасынан өзге ешкімге айтпаған. Ер адамдар купеден шығартылған соң, ешқай жерге шағым да жазбағанын айтып отыр. Алайда ол қайта әйелдер вагонына отыруым екіталай деп отыр. Отырған күннің өзінде мұндай жағдай қайталанар болса, қандай шара қолданатынын да айтты:

Келесі ретте қайта мұндай пойызға отырамын ба білмедім, отырмайтын сияқтымын. Сол кезде пойызда орын алып жатқан түрлі жағдайлардан қорқып, ата-анам не плацкарттан, не болмаса осы әйелдер вагонынан аласың деп таңдай қойған болатын. Сүйткен күннің өзінде, сапарымыз осылай болып отыр. Сондықтан, енді отыра қоймаспын. Отырған күннің өзінде, осы жағдай қайталанып жатса, мүмкін бірден тиісті жерлерге шағым түсірермін.

Мұндай жағдайға тап болған тек Гүлдана емес екен. Сәуір айының аяғында дәл осы бағыттағы пойызға отырған Эльнара есімді қыз да әйелдер вагонында ер адам болғанын айтады.

- Шамамен сәуірдің 22-23 күні Маңғыстау-Алматы бағытындағы пойызға билет алдым. Баға жалпы купе бағасымен бірдей, бірақ әйелдер вагонында адам аз, әрі билет табу да оңай. Бірақ жайғасқан соң, жолсерік келіп, басқа купеге ауысуымды сұрады. Сөйтсем, мен отырған купеге оның жолдасы – ер адам отырады екен. Вагонда одан өзге ер адам болған жоқ, тек вагон арасы әрі-бері жүретін ер адам баршылық еді. 

Негізі басқа кезде мұндай жағдайда дау шығаруым мүмкін еді, бірақ дәл сол сәтте біреумен ұрысып, бет жыртысып тұратын жағдай болмаған соң, үндемей қоя салдым. Бірақ әйелдер вагонында ер адамның болғаны таң қалдырды, рас

Ал Диана есімді кейіпкеріміз жаңа вагондар ашылғалы тек сол әйелдер вагонымен қатынайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл вагондарда ол өзін расымен қауіпсіз сезінеді.

Ата-анам Таразда, өзім Алматыда тұрамын. Бір кездері бір себептермен Таразға аптасына екі рет бару керек болды. Ал ата-анам таксимен жүруіме қарсы болды, алаңдайды ғой. Сонымен пойызбен баратын болдым. Ең алғаш әйелдер вагонына 20 наурыз күні астанадан отырдым, қателеспесем. Пойызға жақындап келіп, жолсеріктің өзі әйел адам екенін көргенде-ақ қуанып қалдым.

Диана әйелдер вагоны ашылғалы үйіне жеткенше алаңсыз ұйықтайтын болдым дейді.

- Бұрын ыңғайсыз болса да, амалсыздан плацкарт билетін алушы едім. Өзім әйтеуір бірдеңе болып қала ма деп қатты қорқатынмын, ал плацкартта көппен отырған соң, шамалы жайбарақат жетесің ғой. Бірақ үйге жеткенше көз ілмей отыратын едім. Ал әйелдер вагоны пайда болғалы жолда ұйықтап та алатын болдым. Өте қауіпсіз сезінемін, тек өзіміз – әйел адамдар ғана болған соң шығар. Тек бірде дәлізде әрі-бері бір ер адам жүргені есімде қалып қойыпты. Ол ақырында сол пойыз жолсерігінің күйеуі болып шықты-ау деймін.

Одан кейін неше рет жол жүрдім, жайбарақат, қауіптенбестен ата-анама барып қайттым.

Диана сияқты Гауһар Болатбек те Алматыдан Таразға ата-анасына барып,-қайту үшін сол Алматы-Маңғыстау бағытындағы әйелдер вагонын дұрыс көреді. Ол осы уақытқа аталған вагонға төрт рет мініп көрген.

- Өз басым осымен 4 рет сол пойызбен жүріп көрдім. Білмеймін, маған ұнайды, өзімді қауіпсіз сезінемін, вагондар да жайлырақ. Осы төрт сапар ішінде ер адамдар да болған емес. Басты қалау-талап та сол ғой.

 

Гүлдана мен Эльнара есімді кейіпкерлеріміздің оқиғасына байланысты ҚТЖ баспасөз қызметімен хабарласып, бұл тұста қандай шара қолданылатынын сұрап көрдік. Баспасөз маманы Мәди Мұхаметқали ақпаратқа сараптама жасалып, расталған жағдайда жолсеріктерге қатысты жаза қолданылады деп уәде берді.

- Негізі мұндай жағдайларды әйелдер вагоны жобасының пилоттық кезеңінде болып тұратын. Бас кезде ер адамдар түсінбейтін, білместікпен онлайн билет алған кезде әйелдер вагонына билет алып қойып жүрді. Осындай түрлі түсінбестік болды. Алайда әлі күнге дейін жолаушылармен де, жолсерік мамандарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын өткізіп тұрамыз. Сіздерге хабарласқан кейіпкерлер оқиғасы бойынша да жұмыс істеп, ақпарат расталар болса, жолсеріктерге қатысты жаза қолданылатын болады. 

Мұхаметқали мұндай жағдайға тап болған жолаушылар 1433 жедел желісіне хабарласып, шағым қалдыра алатынын еске салды.

Байланысты жаналықтар

Ақмолада биылдыққа мың жарым бас малды пойыз қағып кеткен

16.11.2024

Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

03.11.2024

Өскемен тұрғынын пойыз қағып кетті

31.10.2024

Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеті қымбаттайды

25.09.2024

Шымкентте пойыз қаққан адам сол жерде қайтыс болды

22.09.2024

Ресейден кіргізілмекші болған 500 тоннадан астам бидай кері қайтарылды

14.09.2024
MalimBlocks
Ақмолада биылдыққа мың жарым бас малды пойыз қағып кеткен

Оның 500-ге жуығы жылқы

Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

Оқиға пойыздар қозғалысына әсер етпеген

Өскемен тұрғынын пойыз қағып кетті

Оқиға «Өскемен-1» (Защита) станциясының теміржолында болған

Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеті қымбаттайды

Шымкентте пойыз қаққан адам сол жерде қайтыс болды

Ол теміржолдан рұқсат етілмеген жерде өткен

Ресейден кіргізілмекші болған 500 тоннадан астам бидай кері қайтарылды

Астық Шымкентке жеткізілуі керек болған