Шымкент аулалары абаттандырылады

Malim Админ

  • 11.03.2021

Үшінші мегаполис дәрежесін алған республикалық маңызы бар қала мәртебесі бар Шымкент қаласы жан-жақты дамып қана қоймай, келген адамды қызықтыратындай көрікті қала болу керек. Қазір бұл бағытта жұмыстар да атқарылып жатыр. Қала әкімі М.Әйтенов өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиынында бұл мәселе тұрғындар тарапынан да, әкімдік тарапынан да кеңінен сөз болды. Әсіресе, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру ісі маңызын жоғалтпау керек.

Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау керек дегенді жиі айтп жүрген қала басшысы аудан әкімдеріне осы талапты жиі қояды. Соның нәтижесінде аудан-аудандардағы аулалар абаттанып келеді. Мәселен, осы жиынға келіп әкімге алғысын айтқан Лола Садықбаева тұратын Абай ауданын 258 ауланың жартысы абаттандырылған, қалғаны келесі жылдың еншісінде. Айта кетерлігі, бұл алаңдардың барлығына ойын алаңдары салынған. Одан бөлек бұрынғы спорт алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

– Тұрғындар үшін қолайлы аула жасап бергені үшін қала әкіміне, аудан басшыларына ризашылығымызды білдіреміз. Карантин кезінде ешқайда шыға алмай отырған балаларымыз өз ауламыздағы ойын алаңшасы мен спорт алаңқайында бір уақыт ойнап, серги алады. Қолайлы қала дегеніміз осы ғой, – деді Абай ауданының тұрғыны Л.Садықбаева.

Бұл жұмыстар өзге аудандар мен елдімекендерде де жалғасын табады. Қала орталығынан алысырақ орналасқан елдімекендергне су құбырлары тартылып, жол салынған, енді абаттандыру, көркейту мәселесіне көңіл бөлінбек.

Байланысты жаналықтар

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024
MalimBlocks
Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды