АӨК пен импорттық алмастыру бойынша 285 жоба іске асады

Malim Админ

  • 14.05.2021

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, импорттық алмастыру ұғымдары бір бірімен тікелей байланысты. Өйткені, мұның бәрі ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер. Ауыл шаруашылығы саласы дамыса, жоғарыда аталған үш сала да жолға қойылады. Соңғы кездері, әсіресе, пандеамия басталғалы азық-түлік қауіпсіздігі жиі айтылатын болып жүр, азық-түлік қоры жеткілікті болу үшін, ең алдымен сырттан тасымалданатын тауарларды азайтып, ішкі нарықты дамыту мәселесі жиі сөз болып жүр. Демек, импорттық алмастыру жолға қойылса азық-түлік қауіпсіздігі реттеледі, ол үшін, әлбетте, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үлкен маңызға ие.

2021 жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 285 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Қазір бұл жобалар жүріп те жатыр. Импорттық алмастыру бойынша да 2021-2023 жылдар аралығына арналған кешенді жоспар дайын болып қалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасын іске асыруға қатысты жиналысқа төрағалық еткен вице-премьер ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген, негізінен импортты алмастыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ең перспективалы инвестициялық жобалардың пакеті қарастырылып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, жоғарыда айтылған 285 инвестициялық жоба іске асса, ауылдық жерлерде 7 мыңға жуық тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкін болмақ. Өйткені, бұл жобалардың басым бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін импортпен алмастыруға бағытталып отыр. Атап айтсақ, сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар салу, ауылшаруашылық өнімдерін терең қайта өңдеу сияқты салаларға баса мән беріліп отыр. Премьер-министрдің орынбасары, сондай-ақ, бұл жобаларды іске асырудың жұмыс тәртібі қалай жүретініне де тоқталды:

«Жол картасының барлық нысаналы шаралары мен индикаторлары жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, жылдар, салалар және өңірлер бойынша бөлінеді. Әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органда жауапты орындаушы ретінде бірінші басшының орынбасары бекітіліуі керек. Сондай-ақ Жол картасының іске асырылуын мониторингілеу және талдаумен ғана айналысатын жобалау топтары құрылуы тиіс. Жол картасы – Партияның бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің алдағы 5 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспары. Барлық шараны сапалы іске асыру халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір осы бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне көз салсақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік қуаты 11,5 мың тонна болатын 4 сүт фермасы іске қосылып, 7,5 мың тоннаға құс етін өндіруге арналған 2 құс фабрикасы ашылып, 1,5 мың тонналық 1 жеміс сақтау қоймасы салынды, қазір жұмыс істеп тұр.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әлеуметтік маңызы бар тауарлар қорын жасақтау болып табылады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған 7 ірі экожүйе - ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстар мұнымен тоқтап қалмау керек, өйткені, азық-түлік қоры мен ішкі нарықты жоғары деңгейде ұстап отырудың маңызды екені күні кеше коронавирус келе салғанда бүкіл әлем шекарасын жауып алып, өзімен өзі қалғанда қатты білінді. Бұрын сырттан келетін тауарлар тоқтап қалғанда, ішіп-жемін негізінен импортпен айырып отырған елдер біраз қиналып қалды. Егер, жоғарыдағы жоспалар мен жобалар толықтай іске асырылса, жергілікті өндірушілерге өндірістік процестің барлық кезеңдерінде аграрлық секторды дамытуға қатысуға серпін беретіні сөзсіз.

Жиын соңында Әлихан Смайылов «Нұр Отан» партиясы мен Үкіметтің ерекше бақылауындағы отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге агроөнеркәсіптік кешені бойынша инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету керек екенін баса тапсырды. Премьер-министр орынбасарының тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдың межесі де белгіленді. Айталық, 2021 жылға арналған Жол картасы аясында отандық нарықты қамтамасыз ету үшін алманың 80 пайызы, балықтың 75 пайызы, шұжықтың 70 пайызы, ірімшіктер мен сүзбелерді 70 пайызы, қанттың 65 пайызы, құс етінің 75 пайызы отандық өнімнің нарығынан алынуға тиіс. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Бұл көрсеткішке ойдағыдай қол жеткізе алсақ, Қазақстан экспортқа тәуелді болмайды. Ал, бұл агроөнеркәсіптің даму деңгейі мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіндегі басты көрсеткіш есептелетіні даусыз.

Байланысты жаналықтар

«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

25.04.2024

Банктегі салымды мерзімінен бұрын алуға бола ма

22.04.2024

Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

12.04.2024

Доллар мен рубль қанша теңге тұрады?

05.04.2024

WOS техника паркі жаңа автоцистерналармен толықты

03.04.2024

Гүлмира Джумадиллаева Jusan Bank басқарма төрағасы болып тағайындалды

02.04.2024
MalimBlocks
«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін.

Банктегі салымды мерзімінен бұрын алуға бола ма

Оны екі әдіспен алуға болады.

Базалық мөлшерлеме 14,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырды.

Доллар мен рубль қанша теңге тұрады?

5-сәуір күні Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллар мен рублдің бағасы қандай?

WOS техника паркі жаңа автоцистерналармен толықты

Гүлмира Джумадиллаева Jusan Bank басқарма төрағасы болып тағайындалды

First Heartland Jusan Bank Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында 3 сәуірден бастап Гүлмира Джумадиллаеваны Jusan Bank Басқарма төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.