Гүлмира Джумадиллаева Jusan Bank басқарма төрағасы болып тағайындалды

First Heartland Jusan Bank Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында 3 сәуірден бастап Гүлмира Джумадиллаеваны Jusan Bank Басқарма төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 02.04.2024

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Г. Джумадиллаеваның Jusan Bank Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалуына келісім берген.

Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов банк басшысын жаңа қызметімен құттықтады.

Мен Гүлмира Жәнібекқызын Jusan отбасында көргеніме қуаныштымын. Ол өз ісінің нағыз маманы, оның кәсіби тәжірибесі ауқымды және табысты банктік бизнесті құруға көмектесуді қамтиды. Енді оның басшылығымен Jusan Bank командасы банктің бәсекеге қабілеттілігін, табыстылығын және тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жаңартылған стратегияны жүзеге асыруға кіріседі. Жаңа CEO мен бүкіл Jusan командасына банк алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тілеймін, - деп түсіндірді банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов кадрлық шешімге қатысты.

Г. Джумадиллаева Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Оның банк саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 20 жылдай басшылық қызметтерде болған.

2007 жылдан 2021 жылға дейін Kaspi Bank басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар ол Үкімет аппаратында жұмыс істеді.

Фото: Jusan Bank

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады