«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 200 учаскесі су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Malim.kz.
«Су басу қаупіне ұшырауы мүмкін 200-ден астам учаске бар. Қазіргі таңда республикалық жолдарда екі жағдай болған, бірақ олар шағын, жергілікті сипатта. Оның үстіне, бұл 60–70-жылдары салынған автожолдарға қатысты екенін айтқым келеді. Жаңа жолдарда әзірге айқын қауіп жоқ», – деді компания басқарма төрағасы Дархан Иманашев.
Нақтылауынша, қауіпті учаскелердің басым бөлігі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған жолдарға тиесілі.
Сондай-ақ жаңа автожолдарда су басу қаупі елеулі деңгейде анықталмағаны атап өтілді.