freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Санжар Боқаев бұлтартпау шарасы бойынша екі айға қамауға алынды

Құқық
Санжар Боқаев бұлтартпау шарасы бойынша екі айға қамауға алынды
Санжар Боқаевтың жеке архивінен

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Оған аса ірі көлемдегі алаяқтық және адамдар тобы арқылы ағаштарды заңсыз кесу баптары бойынша іс қозғалған.

Тергеу мәліметінше, Боқаев жалған ақпарат таратып, қоғамдық пікірге әсер ету үшін заңсыз әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған деген күдік бар. Сондай-ақ, ол адамдарды ақшаға тартып, ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген және ірі көлемде қаражат жымқырды деп күдіктелуде.

Бас прокуратура бұған дейін Санжар Боқаевтың жалған ақпарат тарату және теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желіде жеке тұлғалардың саябақтарда ағаштарды заңсыз кесіп, құрылыс алаңдарынан мүлік ұрлап жатқаны туралы бейнежазба жариялағанын мәлімдеген еді.

Кейін ведомство өкілдері оның тұтқындалғанын хабарлады.

Сондай-ақ желіде Санжар Боқаевтың "ұсталған сәті" делінген видео жарияланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу