freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталды

Құқық
Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталды
Instagram

Алматыда танымал қазақстандық блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алматы қаласының полиция департаменті бұл мәліметті растады.

Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әділетхан Молдахан азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына 1 миллионнан астам адам жазылған.

Ол бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде Әл‑Фараби даңғылы бойында болған жол апатына қатысты видео жариялап, үш адам қаза тапқан оқиғаға құқық қорғау органы қызметкері қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Еске салайық, Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын.Оқиға қатысты полиция қызметкерлері де тексеріледі. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу