freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты іс қозғалды

Қоғам
Қарағандыда Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты іс қозғалды
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Чемпионның әйелі екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегілуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

1bol.kz-тің жазуынша, Қарағанды қаласында олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың жұбайы Саида Елеусіноваға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті Azattyq Rýhy редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, наурыздың басында Қарағанды қаласында Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты тұрмыстық жанжал қоғам назарына іліккен болатын. Оқиға көршілер арасындағы түсініспеушіліктен басталған. Жәбірленушілер спортшының әйелі өздеріне күш қолданды деп айыптаса, Саида Елеусінова бұл жағдайды жай ғана тұрмыстық дау деп түсіндіріп, көршілерін күйеуінің атын пайдаланып, мәселені ушықтырды деп есептейді. Екі тарап та бір-біріне қарсы арыз жазған.

Департамент хабарлағандай, Майқұдық полициясы бөлімінде Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы бойынша екі іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.

«Аталған қылмыстық істердің тергелу барысында бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қорытындыларына сәйкес қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді», - делінген сауалдың жауабында.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша чемпионның әйелі екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалануы әбден мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу