freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Оқиға
Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Айта кетелік Олжас Бектенов инновациялық жобаларға қолдау көрсететін платформаны іске қосуды тапсырды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу