Талдықорғанда таныс адамдар арасында болған жанжалдан кейін бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға жайлы ақпарат әуелі әлеуметтік желілерде тараған.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, адам қарасы қалың жерде жастар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісін пышақтап кеткен.
Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 30 наурыз күні кешке таныс адамдар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде жәбірленуші пышақ жарақатын алып, сол жерде көз жұмды, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғадан кейін күдікті қашып кеткен. Алайда жедел іздестіру шаралары барысында ол көп ұзамай ұсталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада үш автокөлік соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірінің басы жұлынып кеткенін жаздық.