freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысында 5,4 балдық жер сілкінісі болды

Оқиға
Жетісу облысында 5,4 балдық жер сілкінісі болды
Анадолы

Бүгін, 31 наурызда сағат 11:11-де Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.  

Жер асты дүмпуінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,4-ке тең. 

Жер асты дүмпуі Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында — 2 балл, Текелі қаласында, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында — 2 балл болып сезілді. 

Айта кетейік, Жетісу облысында бүгін сағат 00:42-де де магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу