freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия СІМ басшысы Украинаға қолдау жалғасатынын мәлімдеді

Әлем
Германия СІМ басшысы Украинаға қолдау жалғасатынын мәлімдеді
Фото: Dursun Aydemir/Anadolu/picture alliance

Егер Ресей президенті Владимир Путин Украинадағыдай агрессивті соғыстар «тиімді» деген қорытындыға келсе, онда мұндай қақтығыстар жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль мәлімдеді. Ол Еуроодақ тарапынан Киевке қолдау жалғасатынын атап өтті.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына қарамастан, Украина одақтастары Ресей бастаған соғысқа қарсы күресте қолдауды тоқтатпайды. Йоханн Вадефуль 31 наурызда Киевке сапары барысында Владимир Путин «біздің төзімділігімізді және табандылығымызды жете бағаламады» деп мәлімдеді.

«Егер Путин Украинадағы жағдайдан агрессивті соғыстар тиімді деген қорытынды жасаса, мұндай әрекеттер жалғасады. Сондықтан біз оның Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленістен пайда көруіне жол бермеуіміз керек», – деді министр.

Оның айтуынша, Ресей басшысы Украина серіктестері бір сәтте қолдаудан бас тартады деп үміттенеді, алайда Еуропа оған мұндай мүмкіндік бермейді. Еуроодақ Мәскеудің қаржыландыру көздерін шектеу үшін санкциялардың 20-пакетін әзірлеуді жалғастырып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу