freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылықтар Бағанашылдағы балалар үйі күреліп жатқанына дабыл қақты

Қоғам
Алматылықтар Бағанашылдағы балалар үйі күреліп жатқанына дабыл қақты
Tengrinews. Болат Айтмолда

"Бағанашыл" балалар үйі тағы да назарға ілікті: Алматы тұрғындары мекеме ғимараттарының бірі бұзылып, екіншісінің терезелері алып тасталғанын байқаған. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Алматы тұрғыны "Бағанашыл" балалар үйінің аумағындағы ғимаратты бейнежазбаға түсірген. 

"Мұнда бәрін бұзып тастаған. Мына бір жақсы ғимараттың терезелерін алып тастапты. Оны қиратқан. Ал мына шыршалардың қасында тағы бір ғимарат бар еді – ол қазір жоқ, сүріп тастапты", - деп түсіндіреді ол кадр сыртында.

Алматы Білім басқармасы Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, 2025 жылғы 13 қазанда Integra Construction ЖШС мен қалалық құрылыс басқармасы арасында жаңа нысанды жобалау бойынша ынтымақтастық меморандумы жасалғанын хабарлады 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу