freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Балқашта пара алу бойынша полиция бөлімінің экс-басшысы мен кәсіпкер қамалды

Құқық
Балқашта пара алу бойынша полиция бөлімінің экс-басшысы мен кәсіпкер қамалды
pixabay.com

Балқаштағы болжамды пара беру ісі бойынша жергілікті полиция бөлімінің бұрынғы басшысы мен кәсіпкер екі ай мерзімге қамауға алынды, олар бұл шешіммен келіспейді, деп хабарлайды Malim.kz ҚазТАГ-қа сілтеп. 

Қамауға алу туралы ақпаратты ҚазТАГ тілшісіне сейсенбі күні Қарағандының тергеу соты растаған. Онда сот қаулысы заңды күшіне енбегені, адвокаттардан жеке шағымдар түскені және материал облыстық сотқа жолданғаны нақтыланды.

Бұған дейін Қарағандыдағы тергеу соты болжамды парақорлық туралы қылмыстық істі тергеу кезеңінде екі ай мерзімге қамауға ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған болатын.

«Патриот» паблигінің мәліметінше, Балқаш полициясының полковнигі Т4 млн көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Оған қарсы айғақты тергеу нұсқасы бойынша осы болжамды парақорлық ісінде делдал болған кәсіпкер берген.

Полковниктің өзі пара алғанын жоққа шығаруда. Ал кәсіпкер сотта оны айғақ беруге мәжбүрлегенін мәлімдеді.

«Балқаштың бұрынғы бас полицейі сотта өзін қарсыластары «тапсырыс бергенін» айтты», - деп хабарлайды «Патриот» паблигі Саяқ кентіндегі «қара» алтын іздеушілерді меңзеп.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу