Тоқаевқа да хат жазбаймын, "Егеменге" де шықпаймын

Абай Нұржанұлы

  • 09.07.2021

«Жаңа Алаш» ютуб арнасына режиссер Болат Атабаевтың екінші сұхбаты шықты. «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасында Атабаев Қазақстанға келгеннен кейінгі жағдайы туралы айтты. Сонымен қатар, елдегі зиялы қауымның қалай «мазалап» жүргенін де сөз етті.

«Қазір ешкім мазалап жүрген жоқ. Келдің-ау дегендер де болған жоқ. Жүсіпбек Қорғасбек звондады (Атын дұрыс айттым ба?). Сәлем берді. «Әңгіме болып жатыр. Зиялылар, журналистер жиналып, мына жерде сіздің тағдырыңызға алаңдап жатырмыз. Ақсарай бола ма, басқа театр бола ма, бір жерге кірсеңіз. Біз соған демеу болсақ. Көмектессек. СізТоқаевтың атына хат жазсаңыз, біз «Егемен Қазақстанға» бассақ», - дейді. «Аулақ», - дедім. «Керегі жоқ маған. Ешқандай хат жазылмайды. Ешқандай Егемен болмайды», - деді. Маған қазір денсаулықты түзеп алуым керек. Осылай мазалағандарына ризамын», - деді режиссер.

Атабаев театрдағы жастарға көмектесіп, режиссерліктің әліппесін, актерлермен жұмыс істеуді үйреткісі келетінін айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Жаңа Алаш» ютуб арнасынан көре аласыздар.

Оқи отырыңыз: Болат Атабаевпен екінші сұхбат

Оқи отырыңыз: Түрмеде маған "демалуға" қыз бен жігіт ұсынғандар болды

Байланысты жаналықтар

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024
MalimBlocks
«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.