Түрмеде маған "демалуға" қыз бен жігіт ұсынғандар болды

Олжас Қасым

  • 09.07.2021

«Жаңа Алаш» ютуб арнасына режиссер Болат Атабаевтың екінші сұхбаты шықты. «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасында Атабаев түрмедегі өмірі туралы да айтады. Сонда түрме астында казино барын, онда жезөкшелік қызмет ұсынатынын да жасырмады.

«Ақтөбедегі түрмеде Жанболат (Мамай – Р.) екеуімізді бөліп алып кетті. «Қайда апарасыңдар? Мен мыналармен бірге болғым келеді» деймін. Түрмедегілерді нұсқап. Адам өлтіргендер, ұрлықшылар бар. Олар маған ұнады. Кәдімгі адамдар. Қандай жағдайда болғандарын қайдан білейін. Олар саяси бапты түсінбейді екен. Бірақ бізге деген құрметтері мықты болды.

Сонымен Жанболат екеуімізді алып кетті. Конвойлар бір есікті қақты. Бұлардың кілті жоқ па деп ойладым. Бір адам есікті ашты. Бізді кіргізіп алды. Сөйтсем пахан екен. Отырғандардың шефі. Тамақ істеп жатыр, холодильник, телевизор бәрі бар. Душ қабылдап алдым. Шаршап жатырмын. Тамақ ішіп алдым. Лимонад, квас бар. Су жоқ. Содан әйтеуір су тауып ішіп, ұйықтап кетіппін. Біреу оятады. «Аға, демаласыз ба?». «Демалып жатырмын», – деймін. «Қыз әкелейін бе, жігіт әкелейін бе?», – деді. «Жігіт десем, жігіт табарсың, осында қанша еркек жүр. Қызды қайдан табасың?», – дедім. «Астында казинода күтіп отыр», – деді. Түрменің астында казино бар екен. МВД, КНБ бәрі сонда екен...», – деді режиссер.

Одан бөлек, Атабаев Ақтау түрмесі туралы да айтты. Өзінен қазіргі жоспарлары туралы да ойымен бөлісті.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Жаңа Алаш» ютуб арнасынан көре аласыздар.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

04.05.2025

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

03.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді