457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда көп жалақы сұрайтын қай мамандар?

Enbek.kz электронды еңбек биржасындағы вакансиялар мен қалдырылған түйіндемелердің саны маусым айында теңесті деп хабарлайды malim.kz тілшісі ustinka.kz басылымына сілтеме жасап.

 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ай ішінде жұмыс берушілер 109.4 мың ұсыныс қалдырған. Ал жұмыс іздеушілер 109.8 мың түйіндеме қалдырыпты.

Жұмыс орындары күрт көбейген. Ол мамыр айына қарағанда 27% өсіп отыр. Ал жұмыс іздеушілердің саны шамамен баяғы деңгейінде қалған.

Жұмыс орындарының өсімі ең көп облыстар:

  • Жамбыл, Маңғыстау облыстары - 2.2 есе;
  • Түркістан облысы - 60%;
  • Павлодар облысы - 40%.

 

Ал жұмыс орындары саны жөнінен келесі мекендер озып тұр:

  • Астана қаласы - 10.4 мың орын;
  • Түркістан облысы - 10.2 мың орын;
  • Павлодар облысы - 8.6 мың орын.

 

Жұмыс орны ең көп салаларға тоқталсақ, олар:

  • Білім беру - 19 мың орын;
  • Сервис - 17.6 мың орын;
  • Ауыл шаруашылығы - 10.2 мың орын;
  • Денсаулық сақтау - 9.4 мың орын.

Ауыл шаруашылығындағы вакансиялардың үштен бірі Түркістан облысында, ал құрылыстағы әрбір бесінші вакансия - Астана қаласында.

Мейлінше сұранысқа ие мамандар:

медбикелер мен меджігіттер - 1.9 мың вакансия;

санитарлар - 1.7 мың;

жүргізушілер - 1.7 мың.

Түйіндемелердің сараптамасы бойынша, ең көп жалақы сұрайтын мына мамандар:

  • Ұшқыштар - 2 млн теңгеден бастап;
  • Кеніштердегі бөлім бастықтары - 1.2 млн теңге;
  • IT саласындағы техникалық директорлар - 1.2 млн теңгеден бастап.

Photo: azh.kz