Елімізде орташа айлық 600 мың болады – министрлік

Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сәйкес, 2028 жылы қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 604 963 теңгеге жетеді, деп хабарлайды Malim.kz.
2025 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы 448 620 теңгені құрады. Министрліктің әлеуметтік-экономикалық даму болжамында алдағы жылдардағы жалақы динамикасы да көрсетілген:
2025 жылға болжам – 423 133 теңге;
2026 жылы – 500 890 теңге;
2027 жылы – 554 154 теңге;
2028 жылы – 604 963 теңге.
АЕК өседі, ал ең төменгі жалақы өзгеріссіз
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) те кезең-кезеңімен өседі:
2026 жылы – 4 325 теңге;
2027 жылы – 4 606 теңге;
2028 жылы – 4 882 теңге.
«Ал ең төменгі жалақы 2028 жылға дейін 85 000 теңге көлемінде сақталады. Дегенмен, Үкімет Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) стандарттарына сәйкес жаңа есептеу әдістемесін енгізуді жоспарлап отыр», – делінген министрлік болжамында.
Фото: pixabay