ҚҚДИ «Бала асырап алушы ата-аналар мектебі» онлайн курсын таныстырды

  • 20.08.2021

Отбасы күніне орай «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Бала асырап алушы ата-аналар мектебі» онлайн курсының таныстырылымын өткізді.

Аталмыш курс  Отбасы институтын зерттеу орталығының бастамасымен және де «Отбасы академиясы» қоғамдық қоры мен  «Ковчег» қайырымдылық қорының бірлесе әзірлеген жобасы.

«Бала асырап алушы ата-аналар мектебі» онлайн курсы біріншіден, оқыту семинарларын жүргізетін тренерлерге көмекші құрал ретінде әзірленген. Алдағы уақытта бұл көмекші құрал осы тақырыппен қызығушы зерттеуші, ізденуші азаматтарға кеңінен таныстырылып, қалың бұқара назарына ұсынылатын болады», - деді ««Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының басқарма басшысының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Қайдарова Әсем.

Онлайн курс kipd.kz платформасында қолжетімді болып, ҚҚДИ-ның әлеуметтік желілердегі барлық аккаунттарында орналастырылатын болады, және де бала асырып алушы ата-аналарға қатысты қызығушылық танытқан ұйымдар мен азаматтарға жеке табыстау жоспарланып отыр.

 

Курс барысында бала асырып алушы ата-аналарды ынталандыру мен балалардың психологиялық жарақаты, балалар үйнің тәрбиеленушілерінің ерекшеліктері секілді зерттеу тақырыптары қамтылған. Қазір оқыту курсының екінші модулі дайындалуда.

Таныстырылым барысында «Отбасы академиясы» қоғамдық қорының сарапшысы Зухра Абрахманова, «Отбасын және балаларды қолдау орталығына» қарасты  «SOS Астана Балалар ауылының» ЖБМ-нің әлеуметтік қызметкері Анастасия Литвинова, және де Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығы» КММ-нің педагог-психолог маманы Түкенова Әсем бала асырап алушы ата-аналарды оқытудағы өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.

 

Отырыстың қорытындысы бойынша сөз алған Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышева «Бала асырап алушы ата-аналар мектебі» жобасының маңызын атап өтіп, жоба бала асырап алу институтының дамуы мен бұл салада қызмет көрсететін мамандардың даярлығын пысықтаумен қатар, қоғамдағы жетімдер мәселесінің алдын алуға негізделеген өзекті әлеуметтік жоба екенін атап өтті.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

31.03.2024
MalimBlocks
Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.