Павлодарда жастар мәселесі басты назарда

  • 27.10.2021

«Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру (NEET категориясы)» жобасы аясында Павлодарда TEDx форматындағы кездесу өтті.

Іс-шараның спикерлері ретінде «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Н.Жетпісбаев, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, Президенттік кадр резервінің мүшесі С.Нурикимбаев, жас айтыскер ақын, 109 біріңғай байланыс орталығының директоры, блогер-журналист А.Қабдраш, шоумен және ЖС «Каусар» директоры А.Курумбаев, BUKAFILM командасының негізін салушы, «Братишки» сериалының продюссері Б.Сулейменов қатысты.

Кездесу барысында спикерлер жастарға арналған мүмкіндіктер туралы, салауатты өмір салты мен әлеуметтік белсенділік туралы, жұмысқа орналасу және табысқа жету үшін қажетті дағдылар туралы, жас кәсіпкерлерді қолдау туралы, арт, PR және медиа-менеджмент туралы айтып, кино өнерін дамытудағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

"Jas Otan" ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев іс-шара «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру шараларын әзірлеу және іске асыру (NEET санаты) жобасы аясында ұйымдастырылғанын атап өтті. Жобалық кеңсе аясында «Jas Otan» өңірлік филиалдарымен бірлесіп NEET санатындағы жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, құжаттарды ресімдеуге, жұмысқа орналасуға және оқуға көмек жүргізілуде. Мақсатты аудитория үшін NEET жастарымен кеңейтілген жұмыс жүргізу үшін тұрғылықты жері бойынша консультациялар өткізілді. NEET санатындағы жастар арасында жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құжаттарды рәсімдеуге, жұмысқа орналастыруға, оқуға жәрдемдесу үшін 2 мыңға жуық белсенді жастар пулы құрылды.

Кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеялармен бөлісу мақсатында, Павлодар қаласы, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қорымен «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлесіп жүзеге асыруда.

 

Байланысты жаналықтар

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

26.04.2024

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024
MalimBlocks
Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.