Malim.kz
Құқық

16 жастағы оқушыны зорлау ісі. 13 адам ұсталды

Malim Админ

16 жастағы оқушыны секс-құлдыққа тарту туралы іс бойынша Қызылордада 13 фигурант анықталды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады. 


«Онда 13 адам анықталды, олардың 11-і қамауға алынды. Бүгінде бірқатар баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды», - деді Лепеха Сенат кулуарында.

Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, тағы екі адам үйқамақта.

«13 фигурант - бұл қатысы барлар және тікелей ұйымдастырғандарды қосқандағы. Тергеу бұл мәселемен айналысады. Барлығы тексеріледі. Оның ішінде клиенттер», - деп қосты министрдің орынбасары.

Бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды зорлады деген айыппен екі күдікті ұсталып, мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.  

Фото: Smartnews.kz  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары