Қызылордада 16 жастағы қызды зорлады деген айыппен екі күдікті ұсталды

Белсенді Айсана Әшім күдіктілердің нөміріне 1000-нан астам ер адам ақша аударғанын жазды

Malim Админ

  • 15.08.2024

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қызға қатысты жан түршіктірер деректер шықты. Кеше Астанада жәбірленуші қыздың анасы мен “Не молчи” қорының өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайына тоқталды.

Ulysmedia.kz жазуынша, жәбірленушінің анасы қызын бұл қылмыстық схемаға сыныптас құрбысы тартқан. Ата-анасы күдіктіні қызының құрбысы деп санап, мәселеніің ушығып кетерін білмеген.

Қызының сабаққа көп қатыспағанын,  үйде түнемей жүргееніне алаңдаған  әке-шешесі мектепке, учаскелік бөлімге хабарласып, ІІБ-ге өтініш жазып, смартфон арқылы қыздың қайда екенін анықтауды сұраған. Алайда, іздеудің орнына полиция ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытып, мектеп әкімшілігі өтініш жазбауды талап еткен.

  - Мені мектепте үнемі қорқытатын. Олар қызды арнайы интернатқа тапсырамыз, ол интернатта жағдайы жоқ отбасылардан шыққан балалар, "азғын жеткіншектер" бар деп айтатын. Қызым құрбысының жанында және бұл уақытша нәрсе, өтеді деп айтатын, - дейді анасы.

Қыздың жыныстық құлдыққа түскені туралы оның туыстары 6 тамызда ғана білген. Кезекті рет жоғалып кеткенен кейін ол миы шайқалып үйіне оралған.

Белгілі болғандай, төрт адам ақпан айынан бері қызды  жезөкшелікке мәжбүрлеген. Олар: екі сыныптасы (бір ұл, бір қыз) және олардың туыстары.

Анасының айтуынша, жыныстық қызмет сыныптас қыздың пәтерінде, сондай-ақ, қонақ үйлер мен сауналарда көрсетілген.

 - Кейде ол бірнеше күн бойы жоғалып кететін. Ол күндіз үзіліссіз жұмыс істеуге мәжбүр болды, ер адамдардан сағат сайын ақша аударылып тұрған. Содан кейін ол бұл ақшаны күдіктілерге аударуы керек, егер ол 5 минутқа кешіксе, оның "ана жерін" күйдіріп, азаптап, ұрып — соққан, - деді анасы.

 - Қызым бұл қылмыс екенін түсінді, тек өзін өлтіргенін күтті, өйткені оны үнемі  солай қорқытты. Ол барлығын мойындаудан ұялды, ол өзі үшін осындай шешім қабылдады. Ол өлгенде, біз бәрін біледі деп ойлады, - деп қосты анасы.

Қазір миы шайқалған қыз балалар ауруханасына жатыр. Белсенді Айсана Әшім күдіктілердің нөміріне 1000-нан астам ер адам ақша аударғанын жазды.

 «Мен бұл қыздың өмірі үшін қорқамын. Арамызда педофилдер жүр деген сөз. Алақандай қалада осындай 1000 еркек шыққан. Қызға, отбасына қауіп төніп тұр. Шұғыл түрде психиатриялық көмек, дәрі-дәрмек қажет, мүмкін олар қаладан кетуі керек болар, ол жер қауіпсіз емес», - деп жазды Айсана Әшім.

Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша жасөспірімдер қамауға алынды.

Фото: Tengrinews.kz 

Байланысты жаналықтар

Талдықорғанда өртенген қонақүйден адамның мәйіті табылды

24.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025
MalimBlocks
Талдықорғанда өртенген қонақүйден адамның мәйіті табылды

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі