Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында мектеп оқушылары 16 жастағы қыз баланы қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Malim Админ

  • 08.08.2024

Аталған жантүршігерлік оқиға туралы  "НеМолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.  
Баланың ата-анасы қоғам белсендісіне хабарласып, көмек сұраған көрінеді. 
«Бұл қыз - бір үйдің жалғызы. Ол ақпан айынан бері үйге келмеуді әдетке айналдырған. Әке-шешесі полицияға хабар бергенімен, полиция қызды іздеудің орнына ата-анасын тиісті құқығынан айырамыз деп қорқытумен болған. Шарасыз әке-шеше қызын өздері іздеуге көшкен. Баласы болса, байланысқа сирек шығып тұрған. Бірде «кафеде даяшы болып жүрмін», бірде «гүл дүкенінде сатушымын» деп видео жіберіп отырыпты. Әке-шешесі сол мекен-жайға барса, қыз жоқ болады. Қызды қинап ұстағандар ата-анасы шу көтермесін деп осылай істеуге мәжбүрлеген», - деп жазды Дина Таңсәрі. 
Мектеп оқушылары «айтатын болсаң, «көкелерімізге айтып әке-шешеңді өлтіртеміз» деп қызды қорқытумен болған. Сол себепті бала басындағы жағдайды ата-анасына айта алмаған. 
Қоғам белсендісіне жазылған хатта қыз баланы сыныптастары күштеп есірткі беріп, зорлап жүргенін көпшілігі білген. Оның ішінде мектеп директоры, мұғалімдер, учаскелік полиция хабардар болыпты. Алайда олардың ешқайсысы ешқандай шара қолдануға асықпаған.  
«Сыныптастары қыздан ірі көлемде ақша бопсалағаны кеше ғана мәлім болды. Әкелмесе шашын, қасын қырып тастайтындарын айтып қоқан-лоққы көрсеткен. Қыз досынан ақша сұрағаннан кейін құрбысы қыздың әке-шешесіне болған жағдайды толық айтып берген», - деп жазды Дина Таңсәрі. 
Оның сөзінше, сыныптастары қызды тұншықтырып, есірткі заттарын ішкізіп, түрлі әрекетпен азаптаған. Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысатындардың сайтына тіркеп, түскен ақшаны тартып алып отырған. Бұған қатысты өңірдің ПД тергеу амалдарын бастағанын хабарлады.
Фото: news.un.org

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Талғар ауданында атыс болды