Malim.kz
Қоғам

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді уақытша тоқтатты

• Арман Қайыпхан

Air Astana әуе компаниясы 23 маусымда Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты бірқатар халықаралық рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша ұшулар орындалмайды:

KC191/192 — Атырау – Дубай – Атырау
KC205/206 — Астана – Дубай – Астана
KC897/898 — Алматы – Дубай – Алматы
KC655/656 — Астана – Доха – Астана

Компания алдағы рейстердің өзгерісі туралы қосымша ақпарат тарататынын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға әуе соққы жасағаны хабарлаған болатынбыз.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары