Malim.kz
Қоғам

Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

Malim Админ

Алматы метрополитен басшылығы салық шығындарын сауда алаңдарын жалға алушылар есебінен өтеуді көздеп, заңсыз талаптар қойған.

Көлік прокуратурасы тексеріс барысында кәсіпкерлердің құқығы бұзылғанын анықтаған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.


Алматы қаласының «Метрополитен» ШЖҚ КМК-ға жүргізілген тексеріс нәтижесі кәсіпкерлерден заңсыз қосымша төлем алынғанын көрсетіп берді.

Атап айтқанда, метрополитен басшылығы салық шығындарын сауда алаңдарын жалға алушылар есебінен өтеуге шешім қабылдап, ол үшін оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүр еткен, - делінген хабарламада.
Фото: Kazinform 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары