Malim.kz
Оқиға

Алматы облысы тау шыңындағы мәйіт: ТЖД не дейді

Айбын Атабай
Фото: ТЖМ

Алматы облысындағы Северцов мұздығы маңынан шетелдік туристер тобы адам мәйітін тапқан болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖД «ҚазӘуеҚұтқару» мекемесіне қарасты тікұшақ Апаттар медицинасы орталығының мамандарымен және «Барыс» республикалық шұғыл құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге теңіз деңгейінен 4 300 метрге жуық биіктікте орналасқан Северцов мұздығынан мәйітті төмен түсіру үшін ұшып шыққанын мәлімдеді.

— Мәйіт төменге түсірілгеннен кейін Алматы облысының Полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылады. Бұл жұмыстарды орындауға орналасқан жердің биіктігі, аумақтың қатынауға қиындығы, таулы жердің күрделілігі, тік беткейлер мен ауа райы жағдайлары кері әсерін тигізіп, қиындатып отыр, — деп түсіндірді департаменттен.

Бұған дейін шетелдік туристер Алматы облысының тауларынан адам сүйектерін тауып алғанын жазған болатынбыз. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары