freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шетелдік туристер Алматы облысының тауларынан адам сүйектерін тауып алды

Оқиға
Шетелдік туристер Алматы облысының тауларынан адам сүйектерін тауып алды
Фото: facebook.com/akhmetova.kz

Алматы облысының Талғар ауданындағы Северцов мұздығында Беларусьтен келген туристер адам сүйектері мен туристік жабдықтарды тауып алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Анастасия Ахметова Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, 16 тамызда Беларусьтен келген достары таудағы екі апталық жорықтан оралған. Олар Северцов мұздығында адам сүйектері мен туристік жабдықтарға тап болғанын айтып, оқиға орнынан түсірілген видеоны көрсеткен.

Табылған заттардың координаттары, фото және бейнематериалдар «109» бірыңғай диспетчерлік қызметіне жолданған. Кейін ақпарат Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне де берілген.

Анастасия Ахметованың айтуынша, осы бағытта адам мәйіті болуы мүмкін екені туралы ақпарат 2025 жылы ресейлік туристік топтың есебінде де кездескен.

«Менің болжамымша, сүйектер мұздықта бірнеше маусым бойы жатуы мүмкін. Осы уақыт ішінде бұл жерден кемінде бірнеше туристік топ өткен», – деп жазды ол.

Автордың пікірінше, адам сүйектерін мұздықтан түсіріп, марқұмның жеке басын анықтау, туыстарына хабарлау және қажет болған жағдайда ДНҚ сараптамасын жүргізу қажет.

Ол Төтенше жағдайлар департаментінен қандай шаралар қабылданып жатқанын және сүйектердің қашан шығарылатынын сұраған.

Алматы облысының ТЖД өкілдері NUR.KZ тілшісіне қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатқанын хабарлады.

«Белгіленген рәсімдерге сәйкес, әрі қарайғы іс-қимыл тәртібі полиция қызметкерлерімен келісіледі. Оның ішінде оқиға орнына бару, тексеру жүргізу және тиісті мәліметтер базасын тексеру мәселелері қаралады.

Барлық мән-жай анықталып, жағдайға баға берілгеннен кейін әрі қарайғы іс-қимылдар туралы шешім қабылданады», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу