Malim.kz
Қоғам

"Әркім өзі үшін жауап береді": Тұрсынбек Қабатовтың қызы әкесі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
SN.kz коллажы

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әкесімен арақатынасы жайлы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап беріп, отбасындағы байланыс туралы жазған. Әдемінің айтуынша, әкесімен қарым-қатынасы қазір жақсы.

"Мен тек өз атымнан айта аламын. Папаммен, Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Әрине, кез келген отбасындағыдай реніш те, түсініспеушілік те болды. Бірақ менің әкем біреу ғана. Мен оны қандай болса, сол қалпында қабылдаймын", – деп жазды ол.

Әдемі психологпен жұмыс істемегенін, алайда уақыт өте келе әр адамның өз тағдыры, өз таңдауы бар екенін түсінгенін жеткізді. Оның сөзінше, ешкім мінсіз емес, ең бастысы – әкесінің балаларын жақсы көретіні.

"Қазір біздің қарым-қатынасымыз бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды. Бірақ мен тек өзім үшін жауап беремін. Бұл Айым, Айару, Нұриман мен Райымбектің әкемен арасы нашар деген сөз емес. Оларда да бәрі жақсы. Тек олар ашық айта бермейтін, жабықтау адамдар. Әркім өзі үшін сөйлейді", – деді Әдемі Тұрсынбекқызы.

Оның бұл жауабы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның әкесіне деген түсіністікпен қарағанын жоғары бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовпен не себепті ажырасқанын алғаш рет ашық айтқан еді. Ол бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бөлісті.

"Он төрт жыл бойы бірге болуымыздың себебі – үзілмеген үміт еді. Бес балам бар, сондықтан отбасыма сызат түскенін қаламадым. Бір күні Тұрсынбектен "Енді не істейміз, ажырасамыз ба?" деген хабарлама келді. Ол алғашқы қадамды мен жасағанымды қалағандай көрінді. Сөйтіп, арызды бірінші болып өзім жаздым", – деген еді ол.

Сонымен қатар, ол уақыт өте келе ерлі-зайыптылар Сұхбат барысында Мөлдір ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың уақыт өте суып кеткенін де жасырмады. Оның айтуынша, арадағы түсіністік азайып, бұл жағдай оған психологиялық тұрғыдан ауыр әсер еткен.қарым-қатынастың суып, өзара түсіністіктің азайғанын жасырмады. 

"Маған өте ауыр тиді, жан дүнием күйзелді. "Біз бәрін бірге бастадық, қалай ажырасамыз?" деген сөздері мені ұзақ уақыт тоқтатты. Бірақ кейін ол үйден жиі кететін болды", – деп еске алды ол.

Дегенмен ол бұрынғы жұбайына қатысты жылы көзқарасын жоғалтпағанын айтты. Мөлдір Тұрсынбек Қабатовты балаларына жақсы әке деп бағалайтынын жеткізді. Алайда арадағы шешілмеген мәселелер мен түсініспеушіліктер некені сақтап қалуға мүмкіндік бермеген. Оның айтуынша, ажырасу екеуі үшін ғана емес, балаларының болашағына да әсер ететін ауыр әрі маңызды шешім болған.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың қызы Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы қуанышты жаңалығын бөліскен еді. Сондай-ақ Мөлдір Мұқан бұрынғы жары Тұрсынбек Қабатов туралы ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ашық пікір айтқан болатын.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары