Malim.kz
Экология

Ауа райына байланысты бірқатар республикалық жолдар жабылды

Арман Қайыпхан
Фото: freepik

Бүгін, 4 наурызда ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанай облысы

4 наурыз сағат 21:00-ден бастап:

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234–501 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қаласы) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Жолды 5 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы

4 наурыз сағат 21:30-дан бастап:

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5–234 шақырым аралығы (Қарабұтақ елді мекені – Қостанай облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.

Ал 4 наурыз сағат 21:45-тен бастап келесі учаскелерде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:

«РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолының 776–965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);

«Ақтөбе – РФ шекарасы (ө/п Алимбет)» автожолының 39–136 шақырым аралығы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Алимбет өткізу пункті);

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526–702 шақырым аралығы (Маржанбұлақ ауылы – Батыс Қазақстан облысының шекарасы).

Аталған жол учаскелерін 5 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, алыс жолға шықпау және ресми ақпарат көздерін қадағалау ұсынылады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары