Malim.kz
Экология

Боранға байланысты республикалық трассалар уақытша жабылды

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» екі облыста ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысында 19 наурыз сағат 21:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірнеше автожолда барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді. Атап айтқанда:

«Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» тасжолы (970–1066 км, Қарағанды қаласы — Молодежный кенті);

«Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» тасжолы (17–217 км, Қарағанды — Қарқаралы бағыты).

Павлодар облысында да осы уақытта шектеу енгізілді. Бұл өңірде «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135–1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті) жабылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолдар 2026 жылғы 20 наурыз сағат 08:00-де қайта ашылады.

Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы білуге болады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары